Техникалық және кәсіптік білім беру қызметкерлерінің күнін мерекелеу
Техникалық және кәсіптік білім беру қызметкерлерінің кәсіби мерекесін тойлау Мұғалімдер күнін мерекелеумен сәйкес келуінің өзінде символдық мән бар. Ағымдағы, 2020 жыл ТжКБ жүйесінің қалыптасуына 80 жыл толып отыр. Мерейтой күніне орай білім басқармасы әкімшілік корпус пен кәсіптік-техникалық білім беру қызметкерлері, педагогикалық еңбек ардагерлері үшін бейнеконференцбайланыс режимінде салтанатты жиналыс ұйымдастырды. Шығыс Қазақстан облысының бас педагогі, білім басқармасының басшысы Жумадилова Сайрангүл Ахметкәрімқызы педагогикалық қоғамдастық алдында құттықтау сөз сөйледі. Педагог ұстаздарға еңбек ардагерлерінен, әлеуметтік серіктестерден, ата-аналар қоғамының өкілдерінен және колледж түлектерінен құттықтаулар айтылды. Салтанатты жиналыста кәсіби-техникалық білім беру жүйесінің дамуы мен қалыптасуының негізгі кезеңдері көрсетілген мерейтойлық журнал таныстырылды. Әрине, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде және білікті кадрларды даярлауда педагогтердің еңбегі зор. Ел экономикасына білікті мамандарды даярлап жатқан, оқушыларына жүректерінің жылуын бере отырып, шаршап, жалығуды білмейтін ұстаздарымыз үшін педагогтерді марапаттау рәсімі ұйымдастырылды. Мерекелік атмосфераны педагогтердің кәсіби мерекесіне арналған музыкалық арнауымен Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі толықтырды.