Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2023 жылы сәуірде ШҚО кәсіптік білім беру орталығы Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжімен бірлесіп Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің 100  жылдық мерейтойы аясында Шығыс Қазақстан облысы техникалық  және кәсіптік білім беру ұйымдарының бірінші курс білім алушылары арасындағы  «Тілдарын - 2023» облыстық олимпиадасын өткізді. Олимпиада мақсаты – үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) коммуникативтік құзыреттілікті дамыту. Олимпиада 3 кезең бойынша өткізілді: «Лексика-грамматикалық тест», «Тақырыптың мазмұнын үш тілде толық ашу», «Эссе жазу». Әр кезең бастамашылдықты, шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған. Қазылар алқасы қатысушыларды бағалау кезінде жауаптардың мазмұндылығына, сапасына және бірегейлігіне ерекше назар аударды.

         Олимпиаданың қорытындысы бойынша келесі жүлделі орындар анықталды:

         І орын – Медыахатұлы Тамерлан (Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Жоғары ІТ колледжі);

         ІІ орын - Құдайбергенова Мәлика (ШҚО спорттағы дарынды балаларға арналған олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі);

         ІІІ орын – Болатжанова Рамина Еркінбекқызы (ҚАЕУ Жоғары колледжі).

Сондай-ақ,  «Lingua Master», «Жас қаламгер», «Высокая филологическая культура» номинация иегерлері анықталды.

Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!