Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2021 жылдың 1 қазанында бейнеконференцбайланыс режимінде Мұғалімдер күніне және ТжКБ күніне орай білім беру қызметкерлеріне арналған салтанатты жиналыс өткізілді. Педагогикалық қоғамдастық алдында ШҚО білім басқармасы ТжКБ бөлімінің басшысы Г.М. Искакова, ШҚО кәсіптік білім беру орталығының директоры А. Ақылбек құттықтау сөз сөйледі. Педагогтер қауымына әлеуметтік серіктестерден де құттықтаулар айтылды. Салтанатты іс-шара барысында ТжКБ саласына сіңірген еңбектерін мойындау белгісі ретінде педагогтерге ҚР БҒМ, ШҚО білім басқармасының марапаттарымен құрмет көрсетілді. Сондай-ақ, мұғалімдер күніне және ТжКБ күніне орай өткізілген «Ұстазым, ұлағатым, үлгі-өнегем!» өңірлік акция – байқауының қорытындысы шығарылды. Байқау қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды: І орын - М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі; Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық коллледжі; ІІ орын - Өскемен жоғары медицина колледжі; Өскемен қызмет көрсету саласы колледжі; С. Аманжолов атындағы ШҚУ Жоғары колледжі; Радиотехника және байланыс колледжі; ІІІ орын - Өскемен көпсалалы технология колледжі; Қ. Нұрғалиев атындағы Жоғары колледжі; Глубокое аграрлық колледжі; Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжі. Сондай-ақ, «Менің бас ұстазым», «Алғыс айту посты», «Тілектер күнделігі» және т. б. номинация иегерлері анықталды. Барлық педагогтерді кәсіби #Мұғалімдеркүні, Техникалық және кәсіптік білім беру күні мерекелерімен құттықтаймыз!