«Қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып, оқытудың үздік тәжірибесін тарату» облыстық онлайн-вебинары
2020 жылдың 20 қазанында «ШҚО кәсіптік білім беру орталығы» КММ облыстық әдістемелік бірлестіктерімен (ОӘБ) бірлесіп «Қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып, оқытудың үздік тәжірибесін тарату» тақырыбында облыстық онлайн-вебинарын өткізді. Вебинар барысында облыстық әдістемелік бірлестігінің ІТ (төрайымы К.М.Түсіпбаева), электр энергетикалық (төрайымы Д. М. Сүлейменова) және физика-математикалық (төрағасы Н. А. Көкенов) бағыттарындағы презентациялар ұсынылды. Вебинарға ШҚО колледждерінің арнайы пәндер оқытушылары да қатысты. Оқытушы Н. И. Виноградова «Бейнесабақтарды құру кезінде MOVAVI VIDEO REDAKTOR бағдарламасын пайдалану» тақырыбындағы презентациямен сөз сөйледі. Оқытушы Шаяхметова Б.Ж. қашықтықтан оқыту форматындағы педагогикалық өзара іс-қимыл түрлерін презентациясында көрсетті. Физика-математика бағытындағы ОӘБ төрағасы Н.А. Кокенов «Кернеулердің резонансы» тақырыбындағы бейнесабағында физика пәнінің оқытушысы О.Н.Чирцованың үздік тәжірибесін көрсетті. Онлайн вебинар жұмысына кәсіби білім беру орталығының әдіскерлері, ОӘБ жетекшілері, ШҚО колледждерінің оқытушылары қатысты. Жалпы қатысушылар саны 32 адамды құрады.