Мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында құрылған мобильді топтың үшінші бағыты
Мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында құрылған мобильді топтың үшінші бағыты ағымдағы жылдың 15 қарашасынан бастап бекітілген кестеге сәйкес Зайсан қаласы, Көкпекті, Тарбағатай, Күршім Катон-Қарағай, аудандарында жалғасуда. Аталған іс-шара 30 колледж, 3 жоғары оқу орны және өңірлік кәсіпкерлер палаталарының өкілдерінің қатысуымен өткізілуде. Кәсіптік бағдар беру жұмысы оффлайн және онлайн форматында 116 мектептің 2042 оқушысын қамтыды. Мобильді топ жұмысының келесі бағыттары: Риддер, Алтай, Бесқарағай, Абай аудандары.