«Репродуктивті денсаулықты сақтау дағдыларын қалыптастыру» үш күндік семинар-тренингі
БҰҰ даму жөніндегі бағдарламасы/БҰҰ балалар қоры/ БҰҰ халықтың қоныстану саласындағы қорының «Тұрғын халықтарға көрсетілетін қызметті көрсету мен аймақтық жоспарлауға инновациялық тәсілдерді енгізу арқылы аймақтық бәсекеге қабілеттілікті арттыру» бағдарламасы және «Репродуктивті денсаулықты қорғау жөніндегі күшейтілген компоненттері бар «Валеология»» пилоттық жобасын жүзеге асыру аясында, 2016 жылдың 6 қазанынан 8-ші қазаны аралығында «Өскемен медициналық колледжі» КММ базасында Шығыс Қазақстан облысы білім беру мекемелеріндегі интернаттық білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына арналған «Валеология» пәнін оқыту барысында репродуктивті денсаулықты сақтау дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында үш күндік семинар-тренинг ұйымдастырылып, өткізілді.
Семинардың мақсаты: жастардың репродуктивті денсаулықты сақтау жөнінде білім аясын кеңейту, ЖИТС, АИВ және «әлеуметтік ая» терминімен таныстыру мен жаман әдеттерден арылып, азаматтық құқықтар мен қоршаған ортада өзін-өзі ұстау тәртібін насихаттап, студенттерге ақпарат ұсынуда интерактивті әдістерді қолдануды оқыту.