Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ШҚО кәсіптік білім беру орталығы кәсіби мереке - Мұғалімдер күні қарсаңында жариялаған «Ұстазым, ұлағатым, үлгі-өнегем!» өңірлік байқау-акциясының жеңімпаздары белгілі болды. Байқау-акцияның мақсаты - студенттердің шығармашылық белсенділігін дамыту, мұғалім мамандығының мәртебесі мен беделін арттыру, педагог мамандығының қоғамдық маңыздылығын арттыру. Іс-шара аясында қатысушылар Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде, колледждердің YouTube арнасында #ұстазыңдықұттықта#ұстаздаркүні#меніңұстазым2022 хэштегімен челлендж, флешмоб, эссе, құттықтаулар жариялап, ұстаздарына алғыстарын білдірді. Қатысушылардың жұмыстары келесі критерийлер бойынша бағаланды: материалдың түпнұсқалығы, жаңашылдығы, креативтілігі, қатысу белсенділігі, т.б.

Байқау қорытындысы бойынша анықталған жеңімпаздар мен  жүлдегерлерді келесі сілтеме арқылы көре аласыздар: https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/439591?lang=ru

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!