Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 75 жылдығы қарсаңында «Шығыс Қазақстан облысының Білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ «Әр отбасында-өз батыры» атты конкурс өткізді
Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 75 жылдығы қарсаңында «Шығыс Қазақстан облысының Білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ «Әр отбасында-өз батыры» атты конкурс өткізді. Байқаудың мақсаты: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы халықтың ерлігін есте сақтау, Отанының тарихи және батырлық тарихына назар аудару. Байқау «Жеңіс сыйлағандарға рахмет!» акциясының бір бөлігі болып табылып, үздік шығарма, үздік өлең, үздік эссе номинациялары бойынша өткізілді. Осы шығармашылық тартыста 71 қатысушы арасында біздің әріптесіміз - «Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы» КММ әдіскері Рахымжанова Динара Алтынбекқызы мемлекеттік тілде «Үздік эссе» номинациясы бойынша 3-ші орынға ие болды. Динара Алтынбекқызын қол жеткізген жетістіктері үшін құттықтап, шығармашылық жеңістер тілейміз!