табиғи ресурстарды дамыту саласындағы жетекші компания - KAZ Minerals өкілдерімен кездесу
ШҚО білім басқармасы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту бойынша серіктес-кәсіпорындармен белсенді жұмыстар жүргізуде. Бүгін, 2019 жылдың 12 қыркүйегінде Өскемен көпсалалы технология колледжінің базасында табиғи ресурстарды дамыту саласындағы жетекші компания - KAZ Minerals өкілдерімен (техникалық директор Йохан Барнард және кадрларды басқару жөніндегі департамент директоры Пол Гахаган) кездесу өтті. Кездесу техникалық мамандықтар бойынша да, қызмет көрсету саласы бойынша да студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру үшін тиімді жағдай жасау мәселелерін талқылауға арналған диалог алаңы болды. Кездесу барысында білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова: «Тиімді серіктестің арқасында өңіріміздің кәсіпорындары қазірдің өзінде кәсіпорындарда жұмыс істеудің алғашқы күндерінен бастап өндірістік қызметті өздігінен бастауға дайын жоғары білікті мамандарды қабылдап жатыр, - деп атап өтті. Барлық бірлескен бастамалар ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың кепілі болады деп сенеміз.