Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Үздік педагог» республикалық байқауының жыл сайынғы дәстүрлі облыстық кезеңін өткізді.
Бұл байқаудың негізгі мақсаттары мен міндеттері – педагог мәртебесін арттыру, кәсіби жетістіктері жоғары, шығармашыл мұғалімдерді ынталандыру, білім беру саласындағы жаңа әдістемелер мен инновациялық тәжірибелерді қолдау. Сонымен қатар, балаларды оқыту мен тәрбиелеуде сапалы білім беруді қамтамасыз ететін үздік идеяларды кеңінен насихаттау болып табылады.
Байқаудың екінші (облыстық) кезеңіне техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан үш педагог қатысып, олардың арасынан екі педагог үздік шығып, үшінші – республикалық кезеңде бақ сынайтын болды.
Республикалық кезеңге жолдама алғандар:
✅️ «Өскемен жоғары политехникалық колледжі» КМҚК арнайы пән оқытушысы Баденова Жанар Рамазановна;
✅️ «Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» КМҚК арнайы пән оқытушысы Аймуханбетова Гүлназ Ахметовна.
Бұл ұстаздар өздерінің кәсіби біліктілігімен, жаңашылдыққа ұмтылысы және шығармашылық ізденістерімен ерекшеленіп, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі жоғары деңгейін көрсетті.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Алдағы республикалық сынға сәттілік, шығармашылық шабыт, жаңа биіктер мен толағай табыстар тілейміз!