"Білікті маман" жобасы шеңберінде грант бойынша оқуды аяқтайтын ЖОО түлектерін жұмыс өтеу шарттары
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде төртінші курс студенттері, грант иегерлерімен университетті бітірген соң жұмыс істеу шарттарын түсіндіру мақсатында кездесу өткізілді. Мемлекеттік білім беру тапсырысы және «Білікті маман» жобасы аясында облыс әкімнің гранты бойынша оқуды аяқтайтын түлектердің құқықтары мен міндеттері талқыланды.