Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ШҚО Кәсіптік білім беру орталығының ұжымы баршаңызды келе жатқан Жаңа 2024 жылмен шын жүректен құттықтайды!

Жаңа жыл - өткенді саралайтын, келешекке бағдар жасап, ертеңге батыл жоспар құрып, үлкен міндеттер жүктелетін уақыт. Бұл жарқын да шуақты мереке - кеудемізде ертеңгі күннің оты маздап, жаңа арман, жаңа мақсаттарға жол ашар үмітті сәт.

Барша халық асыға күтетін осы мерекеде әр шаңыраққа ырыс пен ынтымақ ұялап, бақ-береке дарысын деп тілейміз.  

Жаңа жыл ырысты, табысты жыл болып, отбасыларыңызға құт-береке, мол несібесімен келсін!