Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында 19 сәуір күні Астана қаласында IC3 «Counseling as a Culture» халықаралық форумы өтті. Іс-шара мектептер, колледждер мен университеттер арасындағы байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ оқушыларды кәсіби бағдарлауға бағытталды. Форумға Канада, Қытай, Үндістан, АҚШ, Италия, Англия, БАӘ елдерінің білім беру саласының өкілдерімен қатар, мектеп оқушылары, ата-аналар, оқытушылар мен кәсіби бағдар мамандарынан құралған 350-ден астам адам қатысты.

Форумға Шығыс Қазақстан облысының өкілдері – Сәрсенбина А.К. (ШҚКП «Өскемен жоғары политехникалық колледжі») және Тоқтарбек А.Б. («Техникалық-экономикалық колледж» мекемесі) қатысты.