Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2020 жылдың 2 желтоқсанында «Talap» КЕАҚ Республикалық оқу-әдістемелік бірлестіктердің қатысуымен «Бейнесабақтар, электрондық оқулықтар (курстар) және қосымша материалдар каталогында орналастырылған оқу материалдарының сапасын талқылау» тақырыбында вебинар өткізді. Вебинарға Республикалық оқу-әдістемелік бірлестіктерінен және әдістемелік орталықтардың 100 өкілі қатысты, оның ішінде Шығыс Қазақстан облысының 8 Республикалық оқу-әдістемелік бірлестіктері, атап айтсақ: «Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» КМҚК, «М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК, «Геологиялық барлау колледжі» КМҚК, «Бизнес және сервис колледжі» КМҚК, «Өскемен жоғары политехникалық колледжі» КМҚК, «Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» КМҚК, «Көлік колледжі» КМҚК. «Тalap» КЕАҚ сайтында орналастырылған бейнесабақтардың саны мен сапасына «ТжКБ мазмұнын жаңарту» департаментінің директоры Жанат Қуанышбайұлы Далабаев шолу жасап өтті. Барлығы 22299 электрондық материал орналастырылды, оның ішінде 12604-і бейнесабақ. Сапалы бейнесабақтар өндірісінде Алматы политехникалық колледжінің оқытушысы Дусенбаева Асем Аманжоловна ерекше аталып өтті. Алматы политехникалық колледжі ЮТУБ-қа орналастыру үшін сапалы бейнематериалдар өндіру студиясын арнайы ұйымдастырды. Республикалық оқу-әдістемелік бірлестік каталогтарда сапалы емес бейнематериалдарды орналастыруға жол бермейтін «елек» рөлін орындауы тиіс. Бейнесабақтарды жаңарту жөніндегі ақпаратты «Тalap» КЕАҚ жаңалықтар лентасына орналастырады.