Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ШҚО кәсіптік білім беру орталығы «Қашықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып оқытудың үздік тәжірибесін трансляциялау» тақырыбында вебинарлар циклін таратуды жалғастыруда. 2020 жылғы 23 қарашасында Қашықтан оқыту жағдайында Бизнес және сервис колледжінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру тәжірибесі туралы директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларының ОӘБ төрайымы Л.Н. Иванова айтып берді.Колледж кітапханалары меңгерушілерінің ОӘБ төрайымы К.К. Мылтықбаева өз сөзінде қашықтан оқыту кезінде колледж кітапханаларының жұмысына тоқталып өтті. Қашықтан оқыту кезінде колледж педагог-психологтары жұмысының ерекшеліктері жөнінде педагог-психологтардың ОӘБ төрайымы Ж. С. Жуасбек кеңінен тоқталып өтті. Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж. А. Слямбекова өзінің презентациясында қашықтан білім беру технологияларын оқу процесінде қолдану аспектілерін атап өтті. Вебинарға қатысушылар платформа чатында пікір алмасып, ұсыныстармен бөлісті. Вебинар жұмысына барлығы 60-тан аса адам қатысты.