ШҚО ТжКБ жүйесінің педагогтері үшін 15 жастағы жасөспірімдер арасында PISA-2021 халықаралық негізгі зерттеулерге дайындық бойынша вебинар
2020 жылдың 3 желтоқсанында ШҚО кәсіптік білім беру орталығы Өскемен қ. Педагогикалық шеберлігі орталығымен бірлесіп ТжКБ жүйесінің педагогтері үшін 15 жастағы жасөспірімдер арасында PISA-2021 халықаралық негізгі зерттеулеріне дайындық бойынша вебинар өткізді. Бұл зерттеу әр үш жыл сайын циклдік түрде жүргізіледі, әр циклде оқу, математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша басым бағыт анықталады. Вебинар жұмысына 200-ден астам колледж оқытушылары қатысты. Атап айтқанда, PISA-2021 негізгі халықаралық зерттеулерін ұйымдастыру және жүргізу мәселелері қозғалды. Конференция жұмысы қазақ және орыс тілдерінде үш секцияда ұйымдастырылды, онда Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері өткен жылдардағы математика сабақтарында математикалық сауаттылық пен креативті ойлауды, оқу сауаттылығын қалыптастыру, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық және жаратылыстану-ғылыми пәндері бойынша сабақтарда білім алушылардың креативті ойлауы үшін халықаралық зерттеулер тапсырмаларының мысалдарын көрсетті. Платформа чатында қатысушылар пікір алмасып, сұрақтарына жауап алды. Вебинар жұмысы өте мазмұнды және нәтижелі өтті.