Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бүгін, 20 қазан күні сағат 15:00-де ШҚО білім басқармасы кәсіптік білім беру орталығымен бірлесіп ҚР БҒМ ТжКБ жүйесінің педагог қызметкерлерін аттестаттау жөніндегі № 83 бұйрығына ұсыныстар енгізу мақсатында өңір колледждері директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары мен әдіскерлерінің қатысуымен бейнеконференц байланысы өтті. Аталған іс-шара барысында педагог қызметкерлерді аттестаттаудан өткізу рәсіміне қатысты практикалық тәжірибеден шығатын кейбір мәселелер, сондай-ақ педагогтерге біліктілік санаттарын беру тәртібі мәселелері қаралды және айтылды. Талқылау кезінде айтылған барлық ұсыныстар мен ұсынымдарды білім басқармасы қосымша қарайды және ҚР БҒМ-ге жіберілетін болады.