V Халықаралық ашық білім беру форумы
2025 жылғы 21-25 сәуір аралығында Өскемен жоғары политехникалық колледжінің базасында V Халықаралық ашық білім беру форумы өтті.
Форумның мақсаты – тәжірибе алмасу, серіктестік орнату және білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға арналған халықаралық алаң құру.
Форумның ауқымы жыл сайын артып келеді. Іс-шараның жұмысына Қазақстан, Ресей Федерациясы және Қырғызстан өкілдері қатысты, 33 әріптес колледжден 87 шеберлік сыныптары ұсынылды.
Форумға 197 педагог пен өндірістік оқыту шеберлері қатысты.
Форум жұмысы барысында энергетика, жалпы білім беретін пәндер, IT-технология және қызмет көрсету саласы бойынша шеберлік сыныптары өтті. Спикерлер өз саласы туралы жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, кәсіби дағдыларын көрсетті.
Форумның соңы «Инновациялық саясатты іске асыру. Тәжірибе. Тенденциялар» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференциясымен аяқталды.
Шеберлік сыныптарын YouTube арнасынан көруге болады: https://youtube.com/@ukvptk?si=_AEJC5mge2c6L38n
Форумның барлық қатысушыларына алғыс білдіреміз!