Колледждерде дуальды оқытуды одан әрі жүзеге асыру үшін мамандықтар мен кәсіпорындарды анықтау бойынша өткізілген кезектен тыс жұмыс кеңесі
Кәсіптік білім беру орталығы Өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, 2020 жылдың 3 маусымында колледждерде дуальды оқытуды одан әрі жүзеге асыру үшін мамандықтар мен кәсіпорындарды анықтау бойынша 2020-2021 оқу жылында кезектен тыс жұмыс кеңесін өткізді. Кеңес жұмысы барысында өңірдегі колледждер мен кәсіпорындардың бірлескен тиімді жұмысы бойынша өзекті мәселелер қаралды. Жұмыс қорытындысы бойынша өңірлік кәсіпкерлер палатасы жұмысқа орналасу көрсеткіші төмен колледждерді дуальды жүйеге енгізу, сондай-ақ, кәсіпорындардың дуальды жүйе бойынша колледждермен жұмыс істеу дайындығы туралы ұсыныстар берді.