Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Шығыс Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі оқу орындарында WorldSkills стандарттары бойынша колледжішілік кәсіби шеберлік байқаулары өткізілуде. Байқауға 2, 3 курс студенттері мен колледж түлектері қатысуда. Колледжішілік байқау жеңімпаздары ағымдағы жылдың 11-14 сәуірі аралығында өтетін аймақтық «WorldSkills Shygys 2023» чемпионатына қатысу құқығына ие болады. Байқау келесі бағыттар бойынша өтеді:

  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
  • Өндірістік және инженерлік технологиялар;
  • Қызмет көрсету саласы;
  • Шығармашылық және дизайн;
  • Құрылыс индустриясы;
  • Көлік және логистика.

Бұл байқауда жас кәсіпқойлар өз шеберліктері мен дағдыларын, шығармашылық әлеуетін, күрделі кәсіби міндеттерді сапалы және жедел шешуге қабілеттіліктерін көрсете алады. Байқауға қатысушылардың шеберлігін облыстың жетекші кәсіпорындарының жоғары білікті мамандары бағалайды.