Шығысқазақстандық колледж студенті – халықаралық үздік медальон иегері
2025 жылғы 18 қыркүйекте Дания елінде өткен EuroSkills Herning 2025 чемпионатынан оралған Өскемен жоғары политехникалық колледжінің студенті Артём Мочинскийді жерлестері мен ұстаздары, достары салтанатпен қарсы алды.
32 елден 597 жас маман сайысқан халықаралық кәсіби шеберлік байқауында Артём «Мехатроника» құзыреттілігі бойынша қатысты. Ол Қазақстан құрамасында студенттер арасында 7 медальон иегерлерінің бірі болды.
Бұл жеңіс жеке жетістік қана емес, өңірдегі техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің жаңа деңгейге көтерілгенін айғақтайтын лайықты жеңіс.









