Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2022 жылғы 28  қыркүйек күні  ұстаздардың төл мерекесіне орай Шығыс Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары оқытушыларының арасында Шығыс Қазақстан облысының  кәсіптік білім беру орталығы мен Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің  ұйымдастыруымен  КСРО халық ағарту ісінің үздігі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі Асқар Ислямов атындағы  «Үздік педагогикалық эссе» облыстық байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – педагогтарға өскелең ұрпақты тәрбиелеу, білім беру туралы өз ойлары, көзқарастары мен идеяларын айтуға мүмкіндік беру, шығармашыл педагогтарды анықтау, педагог мамандығының беделін арттыру. Байқауға ШҚО  колледждерінен 20 үміткер қатысты. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар Шығыс Қазақстан облысы кәсіптік білім беру орталығының дипломдарымен және Ислямовтар әулетінің демеушілігімен қаржылай сертификаттарымен марапатталды:  

І орын - Акимбаева Жанар Нұрланқызы, Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің оқытушысы;

ІІ орын - Төлеубекова Ардақ Төлеубекқызы, Өскемен көп салалы технологиялық колледжінің оқытушысы;

ІІІ орын - Сарсенбаева Альмира Ануаровна, Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің оқытушысы.

Сонымен бірге, дәстүрге айналған Асқар Ислямов атындағы атаулы шәкіртақы халықаралық және республикалық олимпиадалардың жүлдегері, Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің үздік студенті Алимханов Адиге табысталды.  

Құттықтаймыз!