Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында 2025 жылғы 24 сәуірде ШҚО ББКМ «Глубокое техникалық колледжінде» «Ашық есік күні» акциясы өтті.

Іс-шараның мақсаты:

Оқушылардың болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға бағыт беру, колледждің материалдық-техникалық базасымен таныстыру, сұранысқа ие мамандықтарды көрсету және кейінгі жұмысқа орналасу мүмкіндіктерімен таныстыру.

Іс-шараға аудан мектептерінен 95 оқушы қатысты:

  • КММ «Предгорное орта мектебі №1»
  • КММ «Предгорное орта мектеп – балабақша кешені»
  • КММ «Веселов орта мектебі»
  • КММ «Ы. Алтынсарин атындағы Глубокое орта мектебі»
  • КММ «Верх-Березовка орта мектебі»
  • КММ «Прогресс орта мектебі»

Іс-шара өңірдің жетекші кәсіпорындарымен бірлесе ұйымдастырылып, қатысушыларға колледждегі білім беру бағыттары мен нақты мансап мүмкіндіктері туралы кең мағлұмат алуға мүмкіндік берді.

Іс- шараның қонақтары:

  • «Казцинк» ЖШС
  • «Altyn Shyghys» ЖШС
  • «Kurylys Group RK» ЖШС
  • «Теплоэнергия» ШЖҚ КМК
  • «Филимонова С.С.» ЖК

Іс-шара аясында:

  • оқу шеберханалары мен зертханаларға экскурсиялар өткізілді;
  • «Электргазбен дәнекерлеуші», «Электромонтер», «Құрылыс әрлеу жұмыстары шебері» мамандықтары бойынша шеберлік сағаттары ұйымдастырылды;
  • кәсіпорын өкілдері кадрларға деген сұраныс, жұмыс шарттары, өндірістік тәжірибе мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы айтты;

Нәтижесінде:

  • мектеп оқушылары колледжде меңгеруге болатын мамандықтар туралы нақты түсінік алды;
  • кәсіпорын өкілдері студенттердің дайындығының жоғары деңгейін атап өтіп, болашақта ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екендерін білдірді;
  • іс-шара колледж, мектептер және жұмыс берушілер арасындағы байланысты нығайтудағы маңызды қадам болды.

Колледж болашақта да кәсіби бағдар беру жұмыстарын белсенді түрде жалғастырып, өңір жастарының саналы мамандық таңдауына және табысты болашағына жағдай жасауға көмек береді.