«Қазақстандағы Турин процесі» зерттеуі шеңберінде фокус-топтармен модульдік-құзыреттілік тәсілді (МҚТ) енгізу мәселелері бойынша «TALAP» КЕАҚ кездесуі
ШҚО Кәсіптік білім беру орталығының ұйымдастырушылық қолдауымен «TALAP» КЕАҚ «Қазақстандағы Турин процесі» зерттеуі аясында ТжКБ ұйымдарының оқу процесіне МҚТ енгізуді талдау мақсатында фокус жұмыс топтарымен бір күндік кездесу өткізді. Кіріспе сессияға ШҚО білім басқармасының, ШҚО кәсіпкерлер палатасының, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының өкілдері, сондай-ақ, колледж директорлары қатысты. Осы күні ұйымдастырушылар - облыстың 22 колледжінің педагогтері, әдіскерлері, директорлардың орынбасарлары, студенттері, түлектері, жұмыс берушілері қатысқан 7 фокус тобына талқылау жүргізді. Фокус-топтарға барлығы 183 адам қатысты. TALAP өкілдері сауалнама жүргізді, сауалнама барысында ТжКБ білім беру процесіне МҚТ енгізу жолында кездесетін өзектілік, оң және теріс сәттер, қиындықтар туралы, осы процестегі жұмыс берушілердің рөлі туралы бірқатар сұрақтар қойылды. Сонымен қатар, колледждердің оқу процесіне МҚТ енгізу процесінде кездесетін қиындықтарды да атап өтті. Әсіресе, үш фокус - топтың жұмысы ерекше болды, олар МҚТ енгізу процесінің тәуелсіз қатысушыларынан-облыс колледждерінің студенттері, түлектері және жұмыс берушілерінен тұрады. Фокус-топтың мәліметтері, МҚТ енгізу туралы, бұл мамандарды даярлау сапасына және оларды одан әрі жұмысқа орналастыруға қалай әсер ететіні туралы өз пікірлерін білдірді.