ШҚО КОЛЛЕДЖ БАСШЫЛАРЫНЫҢ Д. СЕРІКБАЕВ АТЫНДАҒЫ ШҚТУ-нің ЛУ БАНЬ ШЕБЕРХАНАСЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУІ
Білім басқармасы облыс колледждерінің директорлар кеңесі бастамасымен 2024 жылғы 16 қаңтарда Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-інде Тяньцзинь кәсіби институтымен бірлесіп, кәсіптік және жоғары білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында ашылған Лу Бань шеберханасында ТжКБ жүйесі оқу орындары басшыларының кездесуін ұйымдастырды.
Кездесу барысында Лу Бань шеберханасының 4 бағыты бойынша таныстыру экскурсиясы өткізілді: автомобильдердің Smart-технологиялары; бензин қозғалтқышы бар автомобильдерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және диагностика жасау; дәстүрлі автомобильдер жүйелерін модельдеу сынақтары; электромобильдер мен гибридті автомобильдерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және диагностика жасау.
Экскурсия соңында дөңгелек үстел басында ТжКБ жүйесінің оқу орындарының Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-мен колледж студенттеріне «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша практикалық оқытуды және заманауи жабдықтар мен жаңа технологияларды пайдалана отырып, Лу Бань шеберханасында арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлеріне тағылымдамадан өтуді ұйымдастыру бойынша ынтымақтастықта жұмыс жасайтын мәселелер талқыланды.