Түркістан облысы Шардара колледжінің директоры Тәшімбет Мұратбек Батырбекұлымен кездесу
ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың Шығыс Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары аясында Өскемен қаласындағы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі оқу орындары Түркістан облысы Шардара колледжінің директоры Тәшімбет Мұратбек Батырбекұлымен кездесіп, техникалық салада бәсекеге қабілетті мамандар даярлаудағы озық тәжірибелерімен алмасты.
Кездесу барысында жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеруге, аймақ экономикасының дамуына үлес қосатын білікті мамандар дайындау арқылы техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға байланысты өзекті мәселелер талқыланды.