Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ШҚО білім басқармасының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 17 қыркүйегінде "Өскемен жоғары политехникалық колледжі" КМҚК базасында RoboticsShop (Ресей) компаниясының өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесу іскерлік және достық қарым-қатынаста өтіп, бүгінгі күнгі өзекті мәселе болып табылатын келесі сұрақтар қозғалды: - түлектердің кәсіби дайындық деңгейін арттыру үшін жағдай жасау;
- білім берудің үздік әлемдік тәжірибесін ОКБ жүйесіне біріктіру: Ресей тәжірибесін тарату;
- WorldSkills қозғалысы оқушылардың кәсіби бағдар беру жүйесінің табысты моделінің факторы ретінде;
- үздіксіз оқыту жүйесі - оқушының кәсіби әлеуетін қалыптастырудың басым бағыттарының бірі.
Келіссөздердің нәтижесі ұзақ мерзімге созылатын табысты және өзара тиімді ынтымақтастықта болады деп үміттенеміз.