«Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасының резервтегі қатысушысымен кездесу
2024 жылғы 13 желтоқсанда ШҚО Кәсіби білім беру орталығының ұйымдастыруымен ZOOM платформасында Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің биология және арнайы пәндер оқытушысы, «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» республикалық жобасының резервтегі қатысушысы Болгибаева Ақмарал Бекболатқызымен кездесу өтті.
«Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы білім сапасын арттыруға бағытталған тиімді менеджментті дамыту және кадрлық резервті құру мақсатында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылы іске қосылған.
Ақмарал Бекболатқызы өз сөзінде жоба аясындағы білім беру бағдарламасы туралы баяндады. Ол колледждердің болашақ басшыларын дайындауға бағытталған «Өзгеріс көшбасшылары: заманауи колледжді басқарудың жаңа тәсілі» техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ұйымдардың басшылық кадрлар резервін дайындау бойынша педагогтердің біліктілігін арттыру курсының мазмұнына тоқталды. Бұл бағдарлама колледжді тиімді басқару үшін қажетті кәсіби-дербестік және басқарушылық құзыреттерді дамытуға негізделген көшбасшылық тұжырымдамасына сүйенеді.
Кездесуге техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының директор орынбасарлары, әдіскерлері мен педагогтері қатысты.
Кездесу соңында кері байланыс барысында спикер қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.