Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бүгін Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен Өскемен қаласының әуежайында әлем чемпионатының қатысушылары, Өскемен жоғары политехникалық колледжінің студенттері Деменко Артем мен Лапин Платонды қарсы алу рәсімі өтті.

2024 жылдың 10-15 қыркүйегі аралығында Францияның Лион қаласында Қытай, Нидерланды, БАӘ, Польша, Армения, Беларусь, Малайзия, Намибия, Португалия, Словакия, Франция, Германия, Корея сияқты т.б. 69 мемлекеттің арасында 59 құзыреттілік бойынша 1500-ден астам бәсекелестердің қатысуымен әлем чемпионаты өтті.

Аталған чемпионатта еліміздің ұлттық құрамасы 30 құзіреттілік бойынша қатысты, оның ішінде Өскемен жоғары политехникалық колледжінің студенттері Деменко Артем мен Лапин Платон «Мехатроника» құзыреттілігі бойынша кәсіби шеберліктерін көрсетіп, әлем чемпионатында ел намысын қорғады.

Әлем чемпионатының деңгейі жай ғана олимпиада емес. Бұл білім беру инфрақұрылымының дамуына тікелей әсер ететін кадрларды даярлаудың жаңа жүйесі. Кәсіби шеберліктерін әлемдік аренада көрсету – қатысушылардың ғана емес, студенттерге кәсіби білім берген ұстаздардың да еңбегі.

Қатысушыларға табысты кәсіби даму және жаңа жеңістерге ұмтылуды тілейміз!