ЧЕМПИОНАТТЫҢ ЕКІНШІ КҮНІ: ШЕБЕРЛІК ПЕН ТАБАНДЫЛЫҚ
WorldSkills чемпионатындағы сайыс қарқыны артып келеді! Жарыстың екінші күні қатысушылар үшін нағыз сынақ болып, әркім өзінің кәсіби дағдыларын көрсетуге тырысты. Сарапшылар әр қатысушыны мұқият бақылап, тек шеберліктерін ғана емес, сонымен қатар тапсырмаларды орындау дәлдігін де бағалады.
Жарыс барысын арнайы келген қонақ - Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі жанындағы «Talap» КЕАҚ WorldSkills қозғалысы басқармасының бас менеджері Эльнур Бекташов те мұқият қадағалады.
Алда жеңімпаздардың есімдері анықталатын ең маңызды, шешуші күн күтіп тұр.
Барлық қатысушыларға табандылық пен шеберліктерін көрсетіп, лайықты жеңіске жетулеріне тілектеспіз!