Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бүгін, ағымдағы жылдың 24 қазанында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы инженерлік саласы бойынша кәсіби шеберліктің ІІІ республикалық конкурсының 1 кезеңі өз жалғасын тапты.

2-модульдің  конкурстық тапсырмасының форматы нақты уақыт режимінде білім беру онлайн платформасында «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы», «Материалтану», «Стандарттау және метрология негіздері» пәндерінен автоматтандырылған тестілеуден өтуді қарастырды.

1 кезеңнің екі модулінің тапсырмаларын орындау қорытындысы бойынша конкурстың  2-ші кезеңіне 17 қатысушы өтті.

Конкурстың 2-кезеңі 2023 жылғы 2-3 қараша аралығында Өскемен жоғары политехникалық колледжінің базасында офлайн форматта өтеді.