ІІ республикалық конкурсының екінші күні
Бүгін, а. ж. 21 қазанында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында инженерлік сала бойынша кәсіби шеберліктің ІІ республикалық конкурсының 1 кезеңі жалғасты. 2-модульдің конкурстық тапсырмасының форматы нақты уақыт режимінде білім беру онлайн платформасында «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы», «Материалтану», «Стандарттау және метрология негіздері» пәндерінен автоматтандырылған тестілеуден өтуді қарастырды. 1 кезеңнің екі модулінің тапсырмаларын орындау қорытындысы бойынша конкурстың 2-ші кезеңіне өткен қатысушылар анықталды. Конкурстың 2-кезеңі 2022 жылғы 10-11 қараша аралығында Өскемен жоғары политехникалық колледжінің базасында офлайн форматта өтеді.