Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бүгін аймақтық чемпионаттың екінші күні. Қатысушылар өз колледжінің намысын қорғап қана қоймай, Worldskills Kazakhstan 2023 ұлттық чемпионатына қатысуға жолдама алуға тырысуда. Сонымен бірге, чемпионаттың бағыттары әр түрлі екенін айта кеткен жөн, жұмысшы мамандықтарынан қызмет көрсету саласына дейін. Бір алаңда қатысушылар аспаздық шеберліктерін көрсетіп жатса, басқа алаңдарда қатысушылар тігін, бағдарламалау, шаштараз, көлік және т.б. бағыттар бойынша кәсіби шеберліктерін көрсетуде. Айта кету керек, чемпионатқа 120-дан астам студент қатысуда. Қатысушылардың жұмысын әлеуметтік серіктестер болып табылатын облыстың жетекші кәсіпорындарының мамандары бағалауда. Алдағы уақытта шешуші соңғы жарыс күні бар, сондықтан барша қатысушыларға батылдық көрсетіп, қарсыластарын озып, жеңіске жетулеріне тілектеспіз. Бұл чемпионат үздіктер үшін өмірге жолдама болатынына сенімдіміз!