Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы инженерлік сала бойынша кәсіби шеберліктің республикалық конкурсының екінші күні
Бүгін, а. ж. 13 қазанында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында инженерлік сала бойынша кәсіби шеберліктің республикалық конкурсының 1 кезеңі жалғасты.
2-модульдің конкурстық тапсырмасының форматы нақты уақыт режимінде білім беру онлайн платформасында «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы», «Материалтану», «Стандарттау және метрология негіздері» пәндерінен автоматтандырылған тестілеуден өтуді қарастырды.
1 кезеңнің екі модулінің тапсырмаларын орындау қорытындысы бойынша конкурстың 2-ші кезеңіне өткен қатысушылар анықталады.
Қорытындылар ШҚО білім басқармасының, ШҚО кәсіптік білім беру орталығының сайтында, сондай-ақ, Facebook, Instagram әлеуметтік желі парақшаларында орналастырылады.