Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы инженерлік сала бойынша кәсіби шеберлік ІІІ республикалық конкурсының екінші кезеңі
2023 жылғы 2-3 қараша аралығында Өскемен жоғары политехникалық колледжінің базасында ШҚО кәсіптік білім беру орталығы ШҚО білім басқармасымен бірлесіп, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы инженерлік саласы бойынша ІІІ республикалық кәсіби шеберлік конкурсының (бұдан әрі – Конкурс) 2 кезеңі өткізіледі.
Конкурстың мақсаты - дарынды арнайы пәндер оқытушыларын және өндірістік оқыту шеберлерін анықтау, оларды қолдау және көтермелеу, кәсіби және педагогикалық шеберліктерін арттыру; инновациялық педагогикалық тәжірибені тарату.
Конкурстың 2 кезеңінде еліміздің әр өңіріндегі ТжКБ ұйымдарынан 17 арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің қатысуы жоспарлануда. Атап айтқанда, Қарағанды машина жасау колледжі, Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің инновациялық технологиялар колледжі, «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі, Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжі, Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжі, Жоғары техникалық колледжі (Көкшетау қ.), Жоғары техникалық колледжі (Щучинск қ.), Павлодар машина жасау колледжі, Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжі, Павлодар техникалық сервис колледжі, Павлодар химия-механикалық колледжі, Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар колледжі, Рудный политехникалық колледжі педагогтері қатысады.
Конкурстың 2 кезеңі 3 модульден тұрады, олар: «Бейтаныс аудиториямен сабақ» практикалық оқытудың элементтерін көрсету; «Мен-SMART инженермін» (бөлшектерді жобалауға және әзірлеуге арналған тапсырма); «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша ситуациялық міндеттерді шешу».
Жиынтық хаттаманың шешімі бойынша инженерлік саласы бойынша ТжКОБ ұйымдарының педагогтері арасындағы республикалық кәсіби шеберлік конкурсының жеңімпазы (Бас жүлде) және жүлдегерлері (1, 2 және 3 орын) анықталады. Сонымен қатар номинациялар бойынша марапаттау қарастырылған:
- «Жаңашыл-инженер»;
- «Smart-инженер»;
- «Креативті инженер».
Конкурстың қорытындылары интернет-ресурста, сондай-ақ, ШҚО білім басқармасының, ШҚО кәсіптік білім беру орталығының әлеуметтік желілер парақшаларында орналастырылады.