Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бүгін, яғни 2022 жылдың 21 ақпанында Өскемен және Семей қалаларының Құзыреттілік орталықтары мен жетекші колледждерінде «WorldSkills Shygys – 2022» аймақтық чемпионатына дайындық аясында 200-ден астам сарапшы-компатриоттардың қатысуымен 2 күндік облыстық форсайт-семинары өз жұмысын бастады. Семинар жұмысы барысында «Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар», «Азаматтық көлік қызметі», «Өнеркәсіптік өндіріс», «Құрылыс индустриясы», «Қызмет көрсету саласы», «Шығармашылық және дизайн», «Білім саласы», «Медицина саласы», «Ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану» бағыттары бойынша халықаралық стандарттарға сай аймақтық чемпионат құзыреттіліктерінің модульдері әзірленеді. Аталған семинарда құзіреттілік модульдерін әзірлеуге колледждердің жоғары білікті мамандары қатысуда. Семинар қатысушыларына сәттілік тілейміз!