Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мамандық таңдау – өмірдегі ең маңызды шешімдердің бірі. Айта кететін жәйт, облыста 41 колледж жұмыс істейді, оның 23 - і мемлекеттік және 18 – і жекеменшік, онда 17727 студент оқиды, оның ішінде 12321 студент тегін білім алуда. Кадрларды даярлау 101 мамандық бойынша жүргізіледі. Өңірде ең көп сұранысқа ие мамандықтар: ауыл шаруашылығы, көлік, құрылыс, тамақтандыруды ұйымдастыру, тау-кен өндіру, сервис саласы, байланыс және ақпараттық технологиялар, энергетика, білім беру және медицина. Жақында мамандық таңдау алдында тұрған мектеп түлектері үшін ағымдағы жылдың 13-14 сәуір күні Өскемен көпсалалы технологиялық колледжінің базасында «My PRO» облыстық мамандықтар фестивалі өткізілді. Аталған іс-шарамен барлығы 2000-нан астам мектеп оқушысы қамтылды. Ойын түріндегі конкурстық бағдарлама оқушыларға мамандықтардың таңғажайып әлеміне көз жүгіртуге, көпсалалы мамандықтар арасынан дұрыс бағдар алуға және өз таңдауында түпкілікті орнығуға көмектеседі.  Фестивальдің барлық қатысушылары мерекеге келіп, мамандықтар туралы толық мағлұмат алды, шағын квесттер мен шеберлік-сағаттарына қатысты, өздерін қызықтыратын толық мамандықтармен танысты. «My PRO» мамандықтар фестивалінде мектеп оқушылары мамандықтар туралы толық мағлұматтар алып, шеберлік сабақтарына қатысып, кәсіби диагностикадан өтіп қана қоймай колледж өмірімен де толықтай таныса алды. Бұл шараның нәтижесі - оқушылардың мамандық таңдауға деген қызығушылықтарын арттыру арқылы мамандық таңдауға дұрыс бағыт бағдар беру.Мамандық таңдаудан жаңылмай, өз өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалауыңызға тілектеспіз.