«Білім беру үрдісін әдістемелік сүйемелдеу бөлімімен колледждердің әдістемелік қызметінің өзара іс-қимылы»
2022 жылғы 09 желтоқсанда әдіскерлердің облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес Өскемен жоғары политехникалық колледжінің базасында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің әдіскерлеріне арналған «Білім беру үрдісін әдістемелік сүйемелдеу бөлімімен колледждердің әдістемелік қызметінің өзара іс-қимылы» облыстық теориялық семинары өткізілді. Семинардың мақсаты – колледждердің әдістемелік қызметтерінің өзара іс-қимылын жетілдіру, ШҚО кәсіптік білім беру орталығының әдістемелік қолдау жүйесін үйлестіру. Семинар барысында Е.С. Екимованың (Әдістемелік қызметтің құрылымы), Б.Ш. Камитжанованың, А.С. Аильбаеваның, А.М. Кабышеваның, А.К. Сарсенбинаның, А.М. Ибраеваның («Жас педагог мектебі» педагогикалық эскиздері), В.Б. Кокенованың (Педагогикалық ұжымның кәсіби күйіп қалуының алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастыру) баяндамалары тыңдалды. Сондай-ақ, «ШҚО кәсіптік білім беру орталығы» КММ директорының орынбасары З.Ш. Утепова, ШҚО кәсіптік білім беру орталығының әдістемелік бөлімінің 2022 жылғы жұмыс қорытындыларымен таныстырды. Семинар нәтижесі бойынша тиісті ұсынымдар қабылданды.