Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және «Talap» КЕАҚ 2021 жылғы 1 қарашадан 10 желтоқсанға дейін Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Ақтау, Қостанай, Көкшетау, Өскемен және Семей қалаларында еліміздің 17 өңірінен  30 негізгі және серіктестердің алаңында 40-тан аса қосымша құзыреттіліктер бойынша 450-ден астам жас маманның (22 жасқа дейінгі) қатысуымен «WorldSkills Kazakhstan 2021» - VІ Республикалық кәсіби шеберлік Чемпионаты өткізіледі. Байқауға қатысушыларды Қазақстанның барлық өңірінен 500-ге жуық сарапшы бағалайтын болады.

Аталған чемпионатқа Шығыс Қазақстан облысының командасы 53 құзыреттілік бойынша қатысады.

Шығыс Қазақстан облысында Республикалық чемпионат Құзыреттілік орталықтары мен жетекші колледждер базасында 6 құзыреттілік бойынша өткізіледі:

  • 2021 жылдың 13-20 қарашасы аралығында Семей қ. Шығыс Қазақстан технологиялық колледжі базасында «Кірпішпен қалау» құзыреттілігі бойынша;
  • 2021 жылғы 18-22 қарашасы аралығында Семей қ. Электротехникалық колледждің базасындағы Құзыреттілік орталығында «Ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқару» құзыреттілігі бойынша;
  • 2021 жылғы 18-22 қарашасы аралығында Семей қ. Көлік колледжінің базасындағы Құзыреттілік орталығында «Жүктерді жөнелту» құзыреттілігі бойынша;
  • 2021 жылдың 20-26 қарашасы аралығында Өскемен жоғары политехникалық колледжінің базасындағы Құзыреттілік орталығында «Мобильді қосымшалар әзірлеу» құзыреттілігі бойынша;
  • 2021 жылдың 22-23 қарашасы аралығында Өскемен қызмет көрсету саласы колледжінде «Шаштараз өнері (Абилимпикс)» құзыреттілігі бойынша;
  • 2021 жылдың 13-20 қарашасы аралығында Шығыс Қазақстан технологиялық колледжі базасында «Графикалық дизайн (Абилимпикс)» құзыреттілігі бойынша.

«WorldSkills Kazakhstan 2021» Республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты жас кадрларды экономиканың өндірістік секторына тартуға және елдегі техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға ықпал етеді.

WorldSkills қозғалысы халықаралық деңгейдегі жаңа формациядағы маманды қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.