WorldSkills Shygys 2025: Жас мамандардың шеберлік бәйгесі
Мемлекет басшысының Жарлығымен жарияланған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ағымдағы жылдың 12 мамырынан бастап Шығыс Қазақстан облысында IX аймақтық WorldSkills Shygys 2025 кәсіби шеберлік чемпионаты басталады. Чемпионат аймақ кәсіпорындарымен бірлесіп 38 құзыреттілік бойынша Құзыреттілік орталықтары мен жетекші колледждердің базаларында өтеді.
Чемпионатқа 21 жасқа дейінгі 170-тан астам колледж студенттері, түлектері және жұмыс істейтін жастар қатысады.
WorldSkills жай ғана жарыс емес, бұл жаһандық жұмыс күшінің ажырамас бөлігі ретінде дағдылар мен мамандықтарды ілгерілетуге арналған маңызды оқиға. Оның мақсаты өңірімізде жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру рақылы кәсіптік білім беру жүйесін дамыту.
Чемпионат жас мамандарға нақты өндіріске барынша жақын жағдайларда дағдыларын көрсетуге, сондай-ақ республикалық конкурстарға қатысу тәжірибесін алуға және халықаралық стандарттармен танысуға мүмкіндік береді.
Чемпионаттың ашылу және жабылу салтанаты Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында өтеді (Протозанов көшесі, 43):
- ашылу салтанаты - 2025 жылғы 12 мамыр сағат 14:00-де;
- жабылу салтанаты - 2025 жылғы 16 мамыр сағат 11:00-де.
Аймақтық чемпионаттың жеңімпаздары ағымдағы жылдың қараша айында Астана қаласында өтетін «WorldSkills Kazakhstan 2025» республикалық чемпионатына қатысу құқығына ие болады.