«Білім алушылардың білімдері мен ынталары - еліміздің қарқынды дамуына қызмет ету жолында» ХVII облыстық ғылыми-практикалық конференциясы (халықаралық қатысумен)
2022 жылдың 28 сәуірінде ШҚО кәсіптік білім беру орталығы мен Семей қаласының Бизнес және сервис колледжі әдіскерлердің облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес колледж студенттері мен мектеп оқушыларына арналған «Білім алушылардың білімдері мен ынталары - еліміздің қарқынды дамуына қызмет ету жолында» ХVII облыстық ғылыми-практикалық конференциясын (халықаралық қатысумен) өткізді.Конференцияға еліміздің 113 колледжі студенттерінен, оның ішінде Ресей Федерациясы кәсіптік оқу орындарынан және ШҚО 96 жалпы білім беретін мектеп оқушыларынан 209 баяндама ұсынылды.Ұсынылған баяндамалар конференцияға қатысушылардың қызығушылығын арттырып, көптеген сұрақтар мен пікірталастар орын алды. Баяндамаларды талқылау онлайн және офлайн алаңдарда өткен конференцияның 10 секциясында жалғасты. Конференция қорытындысы бойынша баяндама жасаған қатысушыларға электрондық форматта сертификаттар, ал жеңімпаздар мен жүлдегерлерге, сондай - ақ номинация иегерлеріне - 1, 2, 3 дәрежелі дипломдар жіберіледі. Конференцияның ұйымдастыру комитеті студенттерге белсенділік танытып, қызықты баяндамалар дайындағаны үшін алғыс жариялайды.