Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ШҚО Кәсіптік білім беру орталығы Бизнес және сервис колледжімен бірлесе отырып, «Білім алушылардың білімдері мен ынталары-еліміздің қарқынды дамуына қызмет ету жолында» тақырыбында қашықтықтан колледж студенттері арасында зерттеу мен жобалау жұмыстарының XV облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді. Cарапшылар тобы мүшелерінің қарауына колледж студенттерінің түрлі бағыттағы 60 ғылыми-зерттеу жұмыстары ұсынылды: дизайн, шаштараз өнері, қоғамдық тамақтану, тауартану, экономикалық теория негіздері, менеджмент, қаржы, салық және салық салу, туризм, тарих және мәдениет, география, т.б. Сондай-ақ, конференцияға ұсынылған барлық жобалардың өзектілігін және студенттердің зерттеушілік дағдыларының қалыптасуы мен заманауи ақпараттық дереккөздермен жұмыс істеу біліктерін атап өткен жөн. Студенттерді конференцияға дайындаған жоба жетекшілеріне үлкен алғыс білдіреміз. Конференция қорытындысы бойынша қатысушылар мен жетекшілерге ШҚО кәсіптік білім беру орталығының сертификаттары мен алғыс хаттары тапсырылады.