Облыстық сараптама кеңесінің отырысы
Шығыс Қазақстан облысының ТжКББ жүйесіндегі оқу-әдістемелік материалдарды сапалы және объективті бағалауды қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылғы 13 қарашада ШҚО кәсіптік білім беру орталығы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық сараптама кеңесінің отырысын өткізді.
Отырыс барысында облыс колледждері педагогтерінің оқу-әдістемелік құралдары мен нұсқаулықтары, сондай-ақ авторлық бағдарламалары жан-жақты талқыланды. Сарапшылар материалдар бойынша өз пікірлерін білдіріп, олардың тиімділігі, мазмұны мен құрылымы, қолдану мүмкіндіктері туралы ойларын ортаға салды.

