Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2021 жылғы 13 қазанда ШҚО кәсіптік білім беру орталығымен ШҚО колледждері бастапқы әскери және технологиялық дайындық оқытушы-ұйымдастырушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы өткізілді.

         Мақсаты - ШҚО ТжКБ жүйесінің оқу орындарында колледж студенттерін ҚР Қарулы Күштерінде қызметке даярлау бойынша оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, колледждердің Қорғаныс істері жөніндегі басқармамен жүргізілетін жұмыстарын қарастыру.

Күн тәртібі барысында келесі мәселелер қарастырылды:

- ШҚО ТжКБ жүйесінің оқу орындарында оқитын жастарды ҚР Қарулы Күштеріндегі қызметке дайындау бойынша оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру(Е. Ш. Қонарбаев, ШҚО колледждерінің БӘжТД ОӘБ төрағасы);

- Қорғаныс істері жөніндегі басқармасымен колледждердің бірлескен жұмысы (Д. С. Ибрагимов, Семей қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының идеологиялық тәрбие және әскери-патриоттық жұмыс бөлімінің басшысы);

- Абай атындағы ШҚГК оқу-өндірістік базасында «Оқу-дала жиындарын өткізуді ұйымдастыру» (ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдығын мерекелеу аясында) тақырыбында облыстық семинар-практикумын өткізу (А. И Жумаканов, Өскемен қызмет көрсету саласы колледжінің БӘжТД оқытушы-ұйымдастырушысы);

- БӘжТД ОӘБ төрағасын қайта сайлау.

Отырысқа қатысушылардың бірауыз шешімімен Өскемен қызмет көрсету саласы колледжінің БӘжТД оқытушы-ұйымдастырушысы А. И. Жумаканов бастапқы әскери және технологиялық дайындық облыстық әдістемелік бірлестігінің жаңа төрағасы болып сайланды.

         Отырыс қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар қабылданды.