Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2025 жылғы 16 қаңтарда «Қазақстан-Американдық еркін университеті» ЖШС Жоғарғы колледжінің базасында (бұдан әрі – Колледж) «Колледждегі тәрбие жұмысының жүйесі және оның тиімділігінің мониторингі» тақырыбында ШҚО техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі ұйымдарының директорлар Кеңесінің отырысы өтті.

Отырыс барысында Өскемен қ. Полиция басқармасының Үлбі ПБ ЖПҚБ ЮПТ полиция капитаны Д.М. Ахметовтың, ШҚО Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл Басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі С.К. Малтугеловтің білім алушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша баяндамалары тыңдалды.

«Үлбі» аумақтық халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры С.М. Аубакирова Колледж студенттерінің Волонтерлік қызметті жүзеге асыру алаңы ретінде «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша дуальды оқыту практикасының базасын пайдалану тәжірибесі туралы әңгімелеп берді.

Колледжде білім алушылардың ата-аналары отбасы мен колледждің өзара қарым-қатынасы туралы пікірлерімен бөлісті.

Колледж директоры М.И. Кикина «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру аясындағы тәрбие жұмысының жүйесі: колледж қабырғасындағы білім беру процесіндегі тәрбие жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру туралы іс-тәжірибесімен таныстырды.

Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары С.А. Амангелдина колледжде тәрбие жұмысының сапасына мониторинг ұйымдастыру бойынша тәжірибесімен бөлісіп, колледждің студенттік өзін-өзі басқару мүшелерімен бірлесіп білім алушылардың девиантты және аутодеструктивті мінез-құлқының профилактикасы бойынша чат-боттың жұмысын таныстырды.

Кеңес отырысының соңында кері байланыс орнатылып, тиісті ұсынымдар қабылданды.