Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2023 жылғы 21 желтоқсанда ШҚО техникалық және кәсіптік, орта білімінен кейінгі білім беру ұйымдары директорлар кеңесінің отырысы өтті.

Мақсаты - колледж жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерді оқытуды іске асырудың негізгі аспектілерін қарау.

Отырыс барысында Өскемен қызмет көрсету саласы колледжінің директоры мен педагогтары инклюзивті білім берудегі озық тәжірибелерімен және әлеуметтік серіктестерімен табысты ынтымақтастық жұмыстарымен бөлісті.

Отырыс соңында ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары А.А. Ақылбек өз сөзінде ТжКБ жүйесіндегі оқу орындары бойынша 2023 жылғы жұмыстарының қорытындысын шығарып, 2024 жылға арналған жоспарлармен таныстырды. Сонымен қатар, 2023 жыл қорытындысы бойынша облыс колледждерінің рейтинг нәтижелері бойынша жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады:

Бас жүлде – «Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» КМҚК;

І орын – «Өскемен жоғары политехникалық колледжі» КМҚК;

ІІ орын – «Риддер колледжі» КМҚК;

ІІІ орын – «Өскемен құрылыс колледжі» КММ.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттарымен құттықтаймыз! Шығармашылық және кәсіби табыстар тілейміз!