Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2023 жылғы 27 қазанда Шемонаиха қаласының Гуманитарлы-техникалық колледжінің базасында ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Ақылбек Алима Ақылбекқызының қатысуымен «Бастауыш білім беруден бастап ТжКБ жүйесіне дейінгі ұрпақ тәрбиесінің сабақтастығы» ШҚО техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары директорларының Кеңес отырысы өтті. Кеңес отырысының жұмысына колледж басшылары мен жұмыс берушілердің өкілдері қатысты. Бастауыш білімнен бастап мамандыққа дейінгі ұрпақты тәрбиелеу тәжірибесін тарату аясында баяндамамен Гуманитарлы-техникалық колледжінің директоры С.И.Буднецкая сөз сөйледі. Сонымен бірге, кәсіптік білім берудегі әлеуметтік әріптестік тәжірибесімен алмасу шеңберінде келесі спикерлер сөз алды: К.В.Новохатний – «Шығыстүстімет» ЖШС Артемьев өндірістік кешенінің техникалық директоры, И.В.Елфимова – «Қазмырыш» ЖШС қызметкерлерді оқыту және дамыту басқармасы оқу орындарымен жұмыс жөніндегі бөлім басшысы. Отырысқа қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Отырыс алаңының тақырыбы аймақтағы техникалық және кәсіптік білім беруде өзекті мәселелердің мазмұнын талқылауға мүмкіндік берді. Отырыс қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар қабылданды.