Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2021 жылғы 28 желтоқсанда ШҚО техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі оқу орындары директорлар Кеңесінің отырысы өтті.

Отырыстың мақсаты - ШҚО ТжКБ жүйесі оқу орындары директорлар кеңесінің 2021 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша негізгі мәселелерді қарау және 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту, 2021 жылғы ТжКБ жүйесінің жұмысын қорытындылау, колледждер қызметі рейтингісінің қорытындыларымен танысу.

Отырыс барысында ШҚО білім басқармасы ТжКБ бөлімінің басшысы Г.М. Искакованың, ШҚО кәсіптік білім беру орталығының директоры А. Акылбектің, ШҚО ТжКБ жүйесі оқу орындары директорлар Кеңесінің төрайымы, Бизнес және сервис колледжінің директоры А.Б. Хожанованың, ШҚО ТжКБ жүйесі оқу орындары директорлар Кеңесі төрайымының орынбасары, Өскемен жоғары политехникалық колледжінің директоры И.С. Исиннің баяндамалары тыңдалды.

Отырыс аясында ТжКБ жүйесінің үздік қызметкерлерін ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет дипломдарымен және Алғыс хаттарымен, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен, ШҚО білім басқармасының Құрмет грамоталарымен, колледж директорлары Кеңесінің Алғыс хаттарымен марапаттау рәсімі өтті.

Сонымен қатар, рейтинг қорытындысы бойынша колледждер арасында жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды:

І орын – Бизнес және сервис колледжі, Электротехникалық колледжі, Өскемен жоғары политехникалық колледжі;

ІІ орын – Радиотехника және байланыс колледжі, Құрылыс колледжі;

ІІІ орын – М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі, Көлік колледжі.

Барлық марапат иелерін, сондай-ақ, рейтинг жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтай отырып, шығармашылық және кәсіби табыстар тілейміз!