Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ШҚО кәсіптік білім беру орталығы колледж өкілдерімен бірлесіп, 2020 жылдың 21 мамырынан 18 маусымына дейін 2020-2021 оқу жылының талапкерлеріне колледж туралы ақпаратқа қол жеткізу және 9-11 сынып түлектері мен жұмыссыз жастарды кәсіптік бағдарлау мақсатында тікелей эфирде (instagram) онлайн-кездесулер циклін өткізді. Кәсіптік бағдар беру жұмысының жаңа форматымен жалпы алғанда 10000-нан астам адам қамтылды.  Жастар ТжКБ оқу орындарында қажетті мамандықтар туралы ақпаратпен және оқытудың ерекшеліктерімен танысып, өздерін қызықтырып жүрген сауалдар мен сұрақтарға жауап алды.