Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен 8-11 сынып оқушылары мен жұмыссыз жастарға кәсіптік бағдар беру мақсатында құрылған мобильді топ «СтартПрофи – Shygys» стенд-мобы 4 бағыт бойынша өз жұмысын аяқтады. Аталған іс-шара жылжымалы көрме және диалогтық алаң форматында қалалық және аудандық білім бөлімдерімен, өңірлік кәсіпкерлер палатасы, аймақтағы колледждер мен жоғары оқу орындарының өкілдерімен бірлесе өткізіліп, жас талапкерлерге бүгінгі таңда өңірде сұранысқа ие мамандықтар туралы толық ақпарат берілді. Кәсіптік бағдар беру жұмысы Абай, Ұлан, Жарма, Үржар, Глубокое, Шемонаиха, Бородулиха, Бесқарағай, Көкпекті, Тарбағатай, Зайсан, Күршім, Катон-Қарағай аудандары мен Алтай, Аягөз және Риддер, қалаларында жүргізіліп, оффлайн форматта шамамен 2000 оқушыны қамтыды. Сонымен қатар, ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта 6500-ден астам мектеп оқушысы қосылды.